Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Экономика сериясы

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ АЙМАҚТЫҚ (ЖЕРГІЛІКТІ) ДЕҢГЕЙДЕ ҚОЛДАУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

КазНПУ
Аңдатпа

Қоғамда кәсіпкерлік бастаманы дамыту, экономикалық бостандық үшін жағдай жасау және ұлттық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттері әр уақытта кез келген үкіметтің негізгі басымдықтары болған. Осы міндеттерді дұрыс шешу мемлекетке өзінің дамуының стратегиялық экономикалық және саяси жоспарларын ойдағыдай іске асыруға мүмкіндік береді. Мемлекет ұлттық бизнесті мүдделі ұзақ мерзімді одақтас деп тауып, іске асырылып отырған бағдарламалардың жеделділігі мен бәсекеге қабілеттілігін оған сүйене отырып қамтамасыз етеді.

            Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін және шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым субъектілерін дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастамасын ынталандыру бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың  құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, кеңес берушілік, білімдік, ұйымдастырушылық  және өзге де кешенді іс-шараларды іске асыруы.

Шағын және  орта кәсіпкерлікті қолдау туралы заңнамасы  Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Азаматтық кодекстен, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңнан, осы Заңнан және өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Мемлекет шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау қызметін іске асыру, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін, тең құқықтарға сондай-ақ бәсекелестікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға кепілдік береді.

pdf