Мақалада басқарушылық қызметте цифрлық технологияларды қолдану бағыттары қарастырылған. Зерттеудің өзектілігі ұйымдардың цифрлық трансформациясының жедел-деуімен, бизнес-аналитиканың, үлкен деректер мен жасанды интеллект технологияларының дамуымен, сондай-ақ басқару шешімдерінің негізділігі мен жеделдігін арттыру қажеттілігімен байланысты. Зерттеудің мақсаты басқарудың цифрлық құралдарын дамытудың негізгі кезеңдерін айқындау және оларды Қазақстан Республикасының ұйымдарында қолданудың қазіргі заманғы үрдістерін бағалау болып табылады. Зерттеудің әдіснамалық негізін ғылыми жарияланымдарды жүйелеу және салыстырмалы талдау, статистикалық деректерді талдау, ғылыми және талдамалық дереккөздерге контент-талдау жүргізу, сондай-ақ бизнес-процестерді цифрландырудың практикалық тәсілдерін жинақтау құрады.
Жұмыста цифрлық трансформацияның негізгі кезеңдері көрсетілген: жекелеген операция-ларды автоматтандыру, корпоративтік ақпараттық жүйелерді интеграциялау, BI-аналитика мен деректерді басқаруды дамыту, жасанды интеллект технологияларын тарату мен зияткерлік және агенттік жүйелерге көшу. 2020-2025 жылдардағы статистикалық деректер негізінде Қазақстан кәсіпорындарының цифрлық технологияларды пайдалану динамикасы қарастырылды.
Зерттеу нәтижелері басқару үдерісіндегі деректердің рөлінің біртіндеп артып келе жатқанын және дәстүрлі есептіліктен талдамалық әрі болжамдық басқаруға көшу үрдісінің қалыптасып отырғанын көрсетеді. Цифрлық трансформацияны одан әрі дамыту деректерді, талдамалық платформаларды және жасанды интеллектті интеграциялауды, сонымен қатар стратегиялық маңызы бар шешімдер қабылдау кезінде адам бақылауының болуын талап етеді деген қорытынды жасалды.
Түйін сөздер: цифрлық трансформация, ақпараттық технологиялар, басқару, басқару шешімдерін қабылдау технологиялары, жасанды интеллект, ұйымдастыру.
