Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Экономика сериясы

ҚЫРҒЫЗСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨҢІРЛІК ӨНДІРІСТІК–ЛОГИСТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ РЕТІНДЕ

5

2

Кыргызский национальный университет им. Ж. Баласагына
Кыргызский экономический университет им. М. Рыскулбекова
Аңдатпа

Бұл мақалада жаһандық экономикалық тұрақсыздық жағдайында Қырғыз Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында тұрақты өңірлік өндірістік – өкізу желілерін қалыптастырудың объективті алғышарттары мен ықтимал даму бағыттары қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі логистикалық осалдықтардың күшеюімен, өндірістік қуаттарды әрта-раптандыру қажеттілігімен және қосылған құн тізбектерін ұйымдастырудағы өңірлік үрдіс-тердің жандануымен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – екі мемлекеттің өнеркәсіптік коопе-рациясын тереңдету, өндірістік үдерістердің жекелеген кезеңдерін географиялық тұрғыдан орталықсыздандыру және жеткізу тізбектерінің сенімділігін арттыру бағыттарын негіздеу.

Зерттеу барысында жүйелік, салыстырмалы және статистикалық талдау құралдары, сондай -ақ жинақтау және сценарийлік болжау әдістері қолданылды. Сауда – экономикалық қатынас-тардың эволюциясы, инвестициялық қарым-қатынас, көлік – логистикалық инфрақұрылымның қазіргі жағдайы және өндірістік интеграцияға кедергі келтіретін қолданыстағы факторлар талданды. Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржол магистралінің, шекара маңындағы нысандарды қайта жаңғыртудың, индустриялық парктер құрудың, цифрлық логистикалық шешімдерді енгізудің және кадрлық әлеуетті жетілдірудің маңыздылығы көрсетілді.

Бастапқы болжамдық бағалаулар негізінде 2030 жылға дейінгі ынтымақтастықтың нысаналы көрсеткіштері және Қырғызстан аумағында өндірістік кластерлерді қалыптастыру бойынша практикалық қадамдар ұсынылды. Өзара қарым – қатынастың негізінде саудаға бағытталған форматынан неғұрлым тығыз өндірістік, технологиялық және инновациялық интеграцияға біртіндеп көшу қажеттілігі туралы қорытынды негізделді.

pdf (Russian)