Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Экономика сериясы

ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫНА ӘСЕРІ

12

5

КазНПУ им.Абая
КазНПУ им.Абая
Аңдатпа

Бұл жұмыста цифрлық экономиканың басқару жүйелерінің трансформациясына әсері жан-жақты талданған және аналитика, бұлттық сервистер, платформалық шешімдер мен автомат-тандыру құралдары сияқты цифрлық технологияларды енгізу басқару жүйесінің өзгеруіне айтарлықтай ықпал ететіні көрсетілген.

Бұл өзгерістер қабылданатын шешімдердің сапасы мен негізділігін арттыруда, уақыт шығындарын қысқартуда және ұйымдық құрылымның тиімділігін өсіруде көрініс табады.

Мақалада сондай-ақ цифрландырудың институционалдық, ұйымдастырушылық-процестік және құқықтық аспектілері қарастырылып, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық ортасының қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері ескерілген. Цифрлық трансформация үдерістерін сүйемелдейтін негізгі кедергілер мен тәуекелдер анықталған, олардың ішінде ақпараттық қауіпсіздік, деректерді қорғау және ұйымдардың цифрлық жетілу деңгейі ерекше орын алады.

Зерттеу нәтижелері негізінде басқару жүйелерін оңтайландыру және цифрлық технология-ларды енгізу тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар берілген. Жасалған қорытындылар теориялық әрі практикалық маңызға ие және оларды ұйымдар деңгейінде, сондай-ақ мемлекеттік басқару саласында цифрлық даму стратегияларын әзірлеуде қолдануға болады.

pdf (Russian)