Журнал саясаты
«Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы» журналы «Экономика» сериясы жылына 4 рет шығарылады.
Тақырыптық бағыты: экономикалық ғылымның теориясы мен әдіснамасы, әлемдік экономиканың интеграциясы мен жаһандануы, экономикалық білім беру мәселелерін қамту.
Журнал тақырыбының негізгі бағыттары: экономика, қаржы, менеджмент, маркетинг, есеп және аудит, халықаралық экономика. Журнал экономиканың әртүрлі салаларында мақалалар жариялауға арналған мерзімді басылым болып табылады.
«Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы» журналы «Экономика» сериясы жариялауға журналдың тақырыптық бағыттарына сәйкес келетін және қолжазбаны рәсімдеу талаптары бойынша қатаң рәсімделген қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде автор (авторлар) бұрын жарияламаған мақалалар қабылданады. Авторлар зерттеу нәтижелерінің сенімділігі, жаңалығы, дәлелі үшін жауап береді.
Барлық ғылыми мақалалар редакциялық кеңестің құрамына кірмейтін тәуелсіз рецензент ғалымдар немесе мамандар міндетті түрде рецензияланады.
Журналдың редакциялық алқасы автор/авторлардан келіп түскен қолжазбаларды қарайды, оларды рецензиялауды ұйымдастырады және жариялау немесе жариялаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Журналда жариялауға мақұлданған қолжазбаның авторы(лары) бекітілген құн прейскурантына сәйкес мақала жариялағаны үшін ақы төлеуді жүзеге асыруға міндетті.
КӨШІРІП АЛУ ЖӘНЕ ПЛАГИАТ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы «Экономика» сериясы журналының редакциясына келіп түскен барлық мақалалар плагиатқа тексеру жүйесі арқылы көшіріп алынған мәтіннің бар-жоқтығын анықтау үшін «Антиплагиат» (лицензия) жүйесінде тексерістен өтеді. Плагиатқа қарсы жүйе арқылы тексеру нәтижелері бойынша 75% - дан асатын түпнұсқа қолжазбалар әрі қарай рецензиялауға жіберіледі. Мақала журналда қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда қолжазба авторға тиісті өзгерістер енгізу және қайта жіберу үшін журналдың электрондық платформасы арқылы қайтарылады.
РЕЦЕНЗИЯЛАУ. Барлық мақалалар екі бірдей жасырын рецензиялаудан өтеді. Журналдың редакциясына келіп түскен плагиатқа тексеру жүйесі арқылы тексеру көрсеткіштеріне сай, рәсімдеу талаптары мен ресми талаптарға сәйкес келетін қолжазбалар міндетті түрде одан әрі рецензиялау үшін жіберіледі. Рецензиялау құпия түрде жүргізіледі: мақаланың қолжазбасында авторлар туралы деректер көрсетілмейді, журналдың электрондық платформасы арқылы рецензенттерге жіберіледі.
Қолжазба дұрыс рәсімделмеген немесе журнал критерийлеріне сәйкес келмеген жағдайда мақала авторға қайтарылады.
ЕРКІН ҚОЛ ЖЕТКІЗУ САЯСАТЫ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, «Экономика» сериясы журналы ресми сайтта ашық түрде қолжетімді. Жариялау үшін қабылданған барлық мақалалар журналдың сайтында орналастырылады.
Журналдың веб-сайтында авторлар мен оқырмандар үшін журналдың қызметі туралы қажетті ақпарат берілген: жариялау шарттары, журналға қолжазбаларды рәсімдеу және ұсыну ережелері, журналды қалыптастыру және қолжазбаларды рецензиялау тәртібі, жариялау этикасы, редакциялық алқа туралы мәліметтер, ғылыми редактор мен жауапты хатшының байланыс деректері.