Көшіріп алу және плагиат
Журналдың редакциясына түскен барлық мақалалар "Антиплагиат" жүйесінде тексеріледі. Қолжазба бұрын жарияланбаған немесе басқа басылымдарға берілмеген, мәтіннің өзіндік ерекшелігі 65% - дан төмен болмауы, журнал сарапшыларының оң пікірлері көрсетілген рецензиялары болуы тиіс. Техникалық талаптарға сай болуы қажет. Редакция мақаланың түпнұсқалығын растайтын қосымша материалдарды ұсынуды сұратуға құқылы. Мақаладағы мәліметтердің дұрыстығына автор / авторлар жауап береді. Техникалық және өзге де заңсыз әдістердің көмегімен мәтіннің түпнұсқалығын арттыру жарияланымды алып тастауға әкеп соғады. Заңсыз әрекеттер анықталған кезде, сондай-ақ мәтіннің түпнұсқа коэффициенті төмен болған кезде қолжазба жарияланымнан алынып тасталады. Түпнұсқалығын тексеру барысында алынған оң нәтижелерден кейін қолжазба одан әрі екі бірдей жасырын рецензиялауға жіберіледі.