Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Экономика сериясы

БАСҚАРУШЫЛЫҚ  ИННОВАЦИЯЛАР МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

10

6

Lomonosov Moscow State University
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Валентина Валентина

Московский государственный университет имени М.В. Ломоносова, доктор экономических наук, профессор, научный руководитель кафедры маркетинга экономического факультета, г. Москва, Россия

Аңдатпа

Мақалада медициналық ұйымдардағы ұйымдастырушылық өзгерістерді басқару мәселесі басқарушылық және білім беру инновацияларын енгізу жағдайында, ірі көпсалалы медициналық ұйымда базалық реанимациялық қолдау (Basic Life Support, BLS) бойынша білім беру бағдарламасын енгізу мысалында қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын жоғары өлім-жітім деңгейімен, халықтың алғашқы көмек көрсетуге дайындығының төмендігімен, сондай-ақ білім беру бастамаларын денсаулық сақтауды стратегиялық трансформациялау құралы ретінде институттандыру қажеттілігімен айқындалады. Жұмыстың мақсаты - медициналық ұйымдарда басқарушылық және білім беру инновацияларын енгізу кезінде өзгерістерді басқарудың әдіснамалық және практикалық негіздерін BLS бағдарламасын енгізу және кеңейту мысалында әзірлеу. Зерттеу әдіснамасы аралас тәсілге негізделген: өзгерістерді басқарудың классикалық модельдерін (К. Левин, Дж. Коттер, ADKAR, McKinsey 7S) талдау, ұйымның стратегиялық құжаттамасын зерделеу, сондай-ақ елдің бес өңірінен 1235 респондент арасында және ұйымның 84 қызметкері арасында жүргізілген эмпирикалық сауалнама. BLS туралы негізгі білімі жоқ респондент-тердің үлесі 31,2 %-ды, оқудан өткендер үлесі небары 9,8 %-ды құрайтыны анықталды, оқуға деген қызығушылық 70 %-дан асады, ал ең жоғары қызығушылықты медицина қызметкерлері, педагогтар және көлік саласының қызметкерлері танытып отыр. SWOT-талдау және ұйымдастырушылық дайындығын бағалау негізінде мемлекеттік, білім беру және корпоративтік құрылымдардың қатысуымен серіктестік кәсіпкерлік желісі арқылы бағдарламаны кеңейту моделі ұсынылды; жобаның шығынсыздық нүктесі - 2320 оқытылған қатысушы  ретінде есептелді.

Зерттеу нәтижелерін медициналық және білім беру ұйымдары қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы өзгерістерді басқару бағдарламаларын әзірлеу кезінде, сондай – ақ, басқа да басқарушылық және технологиялық инновацияларды енгізу барысында пайдалана алады.

pdf (English)