Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Экономика сериясы

ЦИФРЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫТАЙЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АУЫЛ  ШАРУАШЫЛЫҒЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНА  ҚАРЖЫЛЫҚ ӘСЕРІН ТАЛДАУ

8

6

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Алматинский технологический университет
университет Туран
Аңдатпа

Технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында инновациялық шешімдердің ауыл шаруашылығы секторындағы маңызы артып келеді. Инновацияларды енгізу кәсіпорындардың қаржылық тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді.

Зерттеудің өзектілігі - ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қаржылық тиімділігіне цифрлық технологиялардың әсерін бағалау қажеттілігімен, сондай-ақ Қытай мен Қазақстан-ның ауыл шаруашылығында инновацияларды енгізу тәжірибесінің жеткіліксіз зерттелуімен айқындалады.

Зерттеудің негізгі мақсаты – Қытай мен Қазақстандағы ауыл шаруашылығы кәсіпорын-дарында инновациялық технологияларды қолдану деңгейін бағалау және  кәсіпорындардың экономикалық нәтижелеріне ықпалын анықтау. Осы мақсатқа жету үшін салыстырмалы талдау, экономикалық бағалау, статистикалық деректерді зерттеу және ғылыми әдебиеттерді саралау әдістері пайдаланылды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласының цифрлану деңгейін және  кәсіпорындардың тиімділігіне әсерін сипаттайтын ақпараттар қарастырылды.

Зерттеу қорытындылары дәлме-дәл егіншілік жүйелерін, цифрлық басқару құралдарын және деректерге негізделген технологияларды енгізу ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өнімділігін арттыруға, өндірістік шығындарды қысқартуға және жалпы экономикалық тиімділікті жоғарылатуға мүмкіндік беретінін көрсетті.

Қытай мен Қазақстанды салыстыру барысында Қытайдың ауыл шаруашылығын цифрландыру саласында инфрақұрылымның дамуы және мемлекеттік қолдаудың белсенділігі арқасында жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін көрсетті, ал Қазақстанда цифрландыру үдерістері белсенді даму кезеңінде екенін айқындады.

Зерттеудің практикалық маңызы  ауыл шаруашылығы секторын цифрландыру стратегия-ларын әзірлеуде, мемлекеттік аграрлық саясатты жетілдіруде және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына заманауи технологияларды енгізуде пайдалануға болатындығымен сипатталды.

pdf (English)