Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Экономика сериясы

ҚАРЖЫ СЕКТОРЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ РӨЛІ

Аңдатпа

Бұл мақалада қаржы секторындағы жасанды интеллекттің (ЖИ) рөлі мен оның ықпалы қарастырылады. Қаржы саласы қазіргі таңда цифрлық трансформация кезеңінде тұр, және жасанды интеллекттің енгізілуі осы процесті жеделдетуде. Жасанды интеллект деректерді талдау, инвестициялық шешімдер қабылдау, тәуекелдерді басқару, алаяқтықты анықтау, сондай-ақ клиенттерге қызмет көрсету салаларында кеңінен қолданылуда. Мақалада ЖИ-дің қаржы секторында тиімділікті арттыру, шығындарды төмендету және қызмет көрсету сапасын жақсарту сияқты маңызды артықшылықтары қарастырылған. Сонымен қатар, жасанды интеллекттің қаржы саласындағы дамуының болашағы мен оның құқықтық, этикалық мәселелері туралы да айтылған. Жасанды интеллекттің қаржы секторындағы ролінің артуы, сондай-ақ оның әсерінен туындайтын мәселелер мен мүмкіндіктер талданған. Зерттеудің мақсаты-артықшылықтарды, кемшіліктерді анықтау және оны сәтті қолдану мысалдарын талдау мақсатында қаржы секторындағы жасанды интеллекттің рөлін зерттеу.

pdf