Шағын және орта кәсіпкерлік қазіргі нарықтық экономиканың маңызды элементі болып келеді. Ол жұмыс орындарын ашуға, инновацияларды ынталандыруға, экономикалық жүйенің икемділігі мен бейімділігіне әсер етеді. Әлемнің көптеген елдерінде шағын және орта кәсіпкерлік жалпы ішкі өнімнің едәуір бөлігін қалыптастырып, әлеуметтік тұрақтылық пен аймақтық дамуда шешуші рөл атқарады. Жаһандану мен тез өзгеріп отыратын экономикалық ортада шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға ерекше назар аудару қажет.
Ел экономикасындағы шағын және орта кәсіпкерлік келесідей факторлармен анықталады: нарықтың экономиканың жалпы субъектілерінің арасында шағын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің саны, ЖІӨ құрамындағы шағын кәсіпорындардың қосатын үлесі, бюджетті қалыптастырудағы үлесі, шағын кәсіпорындарда жұмыспен қамтылған еңбекке жарамды халық саны, жұмыссыздықты азайтуға қосқан үлесі, тұтыну тауарларымен нарықты қанықтыру. Мақалада Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерліктің даму мәселелері қарастырылған.
