Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Экономика сериясы

ҚР ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ

171

5

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің инновациялық қызметтері жан-жақты талданады. Зерттеудің мақсаты – банктік саладағы заманауи технологияларды қолдану деңгейін, олардың тиімділігін және қаржы жүйесіне ықпалын анықтау. Инновациялық қызметтерге интернет және мобильді банкинг, цифрлық төлем жүйелері, биометрикалық аутентификация, жасанды интеллект негізіндегі қызметтер және блокчейн технологияларын енгізу жатады. Мақалада отандық банктердің инновациялық даму үдерісі, шетелдік тәжірибемен салыстыру, сондай-ақ бұл қызметтердің клиенттер мен банк жүйесі үшін артықшылықтары мен мәселелері қарастырылады. Зерттеу нәтижелері бойынша екінші деңгейдегі банктердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда инновацияның маңызы зор екені анықталды. Сонымен қатар, цифрлық трансформацияны одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді. Түйін сөздер: екінші деңгейдегі банктер, инновация, цифрлық банкинг, қаржылық технологиялар, банк қызметтері.

pdf