Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Экономика сериясы

Авторларға арналған нұсқаулық

Жариялауға бұрын соңды жарияланбаған мақалалар қабылданады. Журналда басып шығару үшін өз жұмыстарын ұсынатын авторлар олардың мақалалары қолданыстағы авторлық құқықтардың ешқайсысын бұзбайтынын растайды. Магистранттардың мақалалары тек ғылыми дәрежесі бар тұлғалармен бірге жарияланады. Мақаладағы мәліметтердің дұрыстығына автор / авторлар жауап береді.

Авторлар келтірілген фактілерді, дәйексөздерді, экономикалық-статистикалық деректерді, фамилияларды, атауларды, ұйымдардың атауларын және өзге де мәліметтердің дұрыстығына толық жауапты болады. Барлық ғылыми мақалалар тәуелсіз рецензенттердің міндетті түрде екі бірдей жасырын рецензиялауынан өтеді. Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Мақаланың жарияланымға қабылданғанын растамай  тұрып төленген ақша сомасы  бойынша шағымдар қаралмайды.

 

Ғылыми мақаланың құрылымы:

  1. ҒТАМР 
  2. ӘӨЖ
  3. Мақала атауы
  4. Автордың аты – жөні
  5. жұмыс орны (оқу орны), қала, ел үш тілде жазылады;
  6. Аннотация үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) кемінде 150 және 300 сөзден аспауы тиіс
  7. Сөздерден/сөз тіркестерінен (6-10 сөзден) тұратын үш тілдегі (қазақ, орыс, ағылшын) түйін сөздер;
  8. Мақаланың толық мәтіні:

кіріспе;

зерттеу материалдары мен әдістері;

нәтижелер және оларды талқылау;

қорытынды;

әдебиеттер тізімі (кемінде 10 дереккөз)