Мақалада инновациялық үдерістің экономикалық мәні ашылады, ол экономиканың тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі факторы ретінде қарастырылады. Инновация тек ғылыми жаңалық немесе техникалық өнертабыс қана емес, олардың практикалық игерілуі мен коммерциялануының түпкі нәтижесі болып табылатыны көрсетілген. Ол қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға және ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған. Жұмыста Й. Шумпетер, Х. Барнет, Б. Санто, Б. Твисс, П. Друкер және қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде берілген «инновация» ұғымының әртүрлі түсіндірмелері талданады. Инновацияларды жіктеудің түрлі тәсілдеріне ерекше назар аударылған: технологиялық және технологиялық емес, базистік, жетілдіруші және жалған инновациялар, өнімдік және үдерістік инновациялар. Инновациялық үдерістің циклдік сипатқа ие екені, идеядан бастап моральдық ескіруіне дейінгі кезеңдердің тізбегін қамтитыны және ғылым, кәсіпкерлік, капитал мен менеджменттің күрделі өзара әрекеттесуін білдіретіні нақтыланды. Қорытындыда инновациялық үдеріс қоғамның зияткерлік әлеуетін экономикалық нәтижеге айналдыратын механизм ретінде қарастырылып, ол еңбек өнімділігінің өсуін, жаңа нарықтардың қалыптасуын және өмір сапасының артуын қамтамасыз ететіні тұжырымдалды.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ: инновация, инновациялық үдеріс, инновацияларды жіктеу, Шумпетер, ғылыми-техникалық прогресс, бәсекеге қабілеттілік, экономикалық даму
Аңдатпа
Тіл
Қазақша
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
