Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Экономика сериясы

Рецензиялау тәртібі

Журналдың редакциясына келіп түскен плагиатқа тексеру жүйесі арқылы тексеру көрсеткіштеріне сай, рәсімдеу талаптары мен ресми талаптарға сәйкес келетін қолжазбалар міндетті түрде одан әрі рецензиялау үшін жіберіледі. 

Мақалаларды рецензиялауды редакциялық алқаның (редакциялық кеңестің) құрамына кірмейтін, келіп түскен қолжазба тақырыбының тиісті саласындағы тәуелсіз сарапшылар — ғалымдар немесе мамандармен жүзеге асырады. Редакцияға келіп түскен және талап бойынша рәсімделген әрбір  мақала  2 тәуелсіз рецензентке жіберіледі. Рецензиялауға мақалаларға қойылатын талаптарға қатаң сәйкес рәсімделген және «Антиплагиат» жүйесінде тексеруден өткен ғылыми мақалалар жіберіледі.

Рецензент мақаланы рецензиялау үшін  шақырту алады. Шақыру рецензиялауды орындау мерзімдерін қамтиды. Рецензент мақаланы қарауға келісуі немесе бас тартуы мүмкін. Рецензент рецензиялау саласындағы этикалық талаптарды сақтауға, сондай-ақ рецензиялау саласындағы журнал саясатын ұстануға міндетті. Қарауға ұсынылған мақалалар мен жарияланбаған деректерді рецензенттер жеке зерттеулерде пайдалана алмайды. Рецензиялау нәтижелері құпия болып табылады.

Рецензия ғылыми мақаланы объективті бағалауға және мақала мазмұнының журналдың тақырыптық бағыттарына сәйкестігін, мазмұнның мәлімделген тақырыпқа сәйкестігін жан-жақты талдауды қамтуы тиіс. Сондай-ақ, ғылыми материалдың нақтылығы, грамматикалық, пунктуациялық және логикалық қателіктердің болуы бағаланады. Мақаланы талдағаннан кейін рецензент рецензиялау формасын толтыруы керек.

Рецензиялау және техникалық тексеру нәтижелері бойынша мақала қабылданбауы, авторларға пысықтауға жіберілуі немесе жарияланымға қабылдануы мүмкін.